8(800)0805005
Қазақстан бойынша тегін
LogoМинизаймы TURBOMoney это:
  • Не выходя из дома
  • до 200 000 тенге
  • Заявка за 5 минут
  • Решение за 5 минут
  • Деньги на карту
Получить заем
АКЦИЯ для новых клиентов
Специальные условия для клиентов, впервые обратившихся в сервис TURBOMoney за займом
100 000 теңгеге дейінгі алғашқы несие - тегін

Оформить займ

Қазақстанның бір азаматына қанша несие рәсімдеуге болады және несиенің максималды санына не әсер етеді?

Взять займ с плохой кредитной историей

Қазақстанның орта статистикалық тұрғынында ақшалай қаражатта қажеттілігі жоспарланбаған түрде туындауы мүмкін, несиесі бар адамдардың өзінде де. Баланың үйлену тойы, пәтерді жөндеу, сынып қалған тұрмыстық техниканы сатып алу – барлық осы шығындар кенеттен және жоспарланбаған түрде туындауы мүмкін. 

Қандай жағдайларда бірнеше несие алуға болады?

Бір қарыз алушыға қарыз алу мөлшері ойынша шектеулер Қазақстанның заңнамасында көзделмеген. Бір уақытта рәсімделген несиелердің мөлшері кез келген болуы мүмкін. Несие қаражатын алуға қарыз алушының шектейтін басты шарт – төлем қабілеттігі талаптарына сәйкес келуі. 

Төлем қабілеттікті есептеу. Табыстар мен шығыстарды бағалау.

Төлем қабілеттілік белгілі коэффициент түрінде белгілі формула бойынша есептеледі. Жиі бұл, барлық шығыстардың қатынасы, міндетті төлемдер мен жоспарланатын ай сайынғы төлем. Несиені өтеуге Қазақстанның әрбір тұрғыны 50% артық емес шығындала алады. Бұл арақатынас банктің талаптарына байланысты сәл жоғары немесе сәл төмен болуы мүмкін. 

Мысалға, айына 110 000 теңге табыс көретін қарыс алушы айына төлем қабілетінің коэффициенті 0,5 кезінде несие төлеуге 55 000 теңгеден немесе «несие/табыс» арақатынасы 0,4 болғанкезде 44 000 теңгеден артпауы  қажет. Қалған қаражат жеке қажеттіліктерін өтеуге жеткілікті болатыны шамаланады. 

Балдық шкала бойынша қарыз алушыны бағалау

Табыстан басқа, банктің шешіміне әлеуетті клиенттің деңгейі әсер етеді. Негізгі өлшемдер бойынша балда бағалау қарыз алушының бейнесіне сәйкестік туралы жорамалдауға мүмкіндік береді.

Бағалау үшін жиі әлеуметтік факторлады қолданады:

  • жастық категория;
  • білім деңгейі;
  • отбасылық жағдайы;
  • лауазымдық категориясы;
  • жұмыс беруші-компанияның өлшемі және басқа да факторлар.

Әрбір тармақ бойынша нақты банктің бағалау әдістемесіне сәйкес балдық бағалау қойылады, содан кейін балдар қосылады, талап етілетін минимуммен салыстырылады. 

Банктің шешіміне несие тарихының әсер етуі

Несие тарихы несие шешімін қабылдау кезінде маңызды сәт болып табылады, әсіресе егер бұл қайталанған несие алу болатын болса. Банк өтелген және ағымдағы несиелер мен олар бойынша мерізімдерін ұзартып алудың орын алатын несиелер бойынша төлем тәртібінің деңгейін бағалайды.

Жалпы ұзақтығы 30 күнге дейін бірнеше мерізімді ұзарты алудың бар болуы несие шешімін қабылдауға әсер етпейді, себебі олар банк тарапынан кінә ретінде жіберілген техникалық тұрақсыздық сипатында немесе төлем бірнеше күнге кешіктірілген белгілі себептен болуы мүмкін.  

Едәуір ұзақ мерізімді мерізімді өткізіп алу кезінде банк дербес шешім қабылдайды. Әрбір қарызды төлеген кезде клиент қатаң бұзуларға жол берген болса, әсіресе мерізімді өткізіп алу ағымдағы несиеде болса, ең дұрысы банк несие беруден бас тартады. 

Егер банк кезекті несие рәсімдеуден бас тартатын болса, не істеу керек 

Несие бермеудің басты себептері:

  • ағымдағы несиелер төлем қабілеті жеңгейіне сәйкес келуге мүмкіндік бермейді;
  • жаман несие тарихы;
  • зейнетақы қоры мен сот приставтарының қызметтері алдында төленбеген айппұлдар;
  • басқа банктерде қасақана төлемеуші, соттылығы бар және алаяқтылыққа күдіктілік себебінен «қара тізімге» енгізілген болса.

Егер банк несие беруден бас тартса, несиені қалай алуға болады?

Бақытына орай банк қызметтерінен басқа, несие қаражатын алудың балама әдістері бар:

  1. Жұмыс басында қарыз алу. Кейбір компаниялар өз қызметкерлеріне қарыз беруге келіседі. Бұл жағдайда жұмыс беруші өзінің қарыз алушысын бетке біледі және жалақысынан ұстап қалып отырып ай сайынғы төлемдерді кепілді ала алады. Алайда мұндай мүмкіндікті қызметкерлеріне беруге барлығының мүмкіндігі жоқ. 
  2. Ломбард. Егер несие беруде банктер тұрақты ба тартатын болса, онда ломбардқа латын бұйымды тапсыруға болады. Бұл жағдайда табысты растауға және жаман несие тарихына қорқу қажет емес – ломбардтар бұл деректерді ескермейді, себебі олар алтынның кепіліне ақшаны береді. Оның кемшілігі, ірі сомма алу үшін бұйымдардың зор салмағы қажет, ал олардың бағасын ломбардтар бұйымды бағалаған кезде едәуір төмендетеді. Қарызды өтемеген жағдайда, қарыз алушы өзінің зергеллік бұйымын жоғалтқаннан басқа ешқандай тәуекелге бармайды. 
  3. Кішігірім қарыздар. Қысқа мерізімде және аз құжатпен тәуір ақша соммасын алудың қолайлы тәсілі. Экспресс-несиені рәсімдеу мен 150 000 теңгеге дейін сомманы беру 15 минут уақытты алады, қарыз алушы тек қана несие алу үшін онлай-өтініш беруі тиіс. Мұндай несие 29 күндік мерізімге беріледі, ал қарыз алушы оны өтеуге үлгермесе, оны ұзартуға болады. Артықшылығы, кішігірім қаржы ұйымы қарыз алушының ағымдағы несиелерінің мөлшерін ескермейді. 

Қазақстанның орташа статистикалық тұрғыны бір уақытта 4 несиеге ие бола алады: отбасына арналған ипотека, жайлы орын ауыстыруға арналған автонесие, әртүрлі қажеттіліктерге арналған тұтынушылық несие және күнделікті ескерілмеген шығындарға арналған несие картасы. Біреулеріне бұл сан төмен, басқаларына – үлкен болуы мүмкін. 

Ең бастысы, есте сақтайтыны, бірнеше несиелермен борышқорлық шұңқырға түспес үшін – жеке табыстар мен шығыстарды оңтайлы есептеуге, сондай-ақ табыс көзін кенеттен жоғалтып алған жағдайда қандай да бір сақтандыру болуы тиіс.  

 

Kazakh
Другие статьи, которые могут вам понравиться: