Top.Mail.Ru
Skip to main content
WhatsApp
+7 777 677 14 21
Телефон
+7 700 12 99 090 Ежедневно с 09:00 до 19:00

Егер де сіздің несие тарихыңыз жағымсыз болса, несиені қалай алуға болады?

Submitted by Admin on Дс, 03/01/2021 - 08:49

Ірі сатып алуларды жоспарлағанда жиі несие ұйымдарының қызметтеріне жүгінетін болдық. Орта статистикалық Қазақстан тұрғынына ірі сомманы жинау үшін, ұзақ уақыт қажет.  

Алайда, әртүрлі жағдайлар салдарынан несие тарихын бұзылғандарға, тиімді несие алу оңайға соқпайды. 

Осы мақала несие тарихы жағымсыз адамдарға ақшаны қарызға алуға көмектеседі және несиені дұрыс қалай алу керектігін айтады!

Несие тарихы деген не және олар қалай қалыптасады?

Несие тарихы – Қазақстан азаматы рәсімдеген барлық төленген және қолданыстағы төленбеген несиелердің тізілілімі. Әр несиенің талаптары мен сапасын орындау туралы деректер қарыз алушының келісімімен несие тарихының бюросына беріледі (НТБ) және Бірінші Несие Бюросының біріңғай базасында сақталады. 

Ақпарат әлеуеттік клиентті бағалау үшін әртүрлі лицензиясы бар несие ұйымдарымен қолданылады. 

Банк алатын есепте мына ақпарат болады:

  • қарыз алушының деректері;
  • несиелендіру кезеңі;
  • несиенің бастапқы соммасы;
  • ай сайын төленетін төлемнің мөлшері;
  • мерізімін өткізіп алудың бар болуы;
  • несиені өтеуге қалған сомманың қалдығы;
  • несие бойынша қамтамасыз ету;
  • несие берген- банктің атауы.

Несиенің мерізімін өткізіп алған жағдайда олардың мөлшері ғана емес, сонымен қатар бірнеше кезеңмен сипатталатын ұзақтығы да көрсетіледі:

  • 1 айға дейін (қысқа мерізімді мерізімді өткізіп алу);
  • 1-3 ай;
  • 3-6 ай (ұзақ мерізімді мерізімді өткізіп алу);
  • 6 айдан артық (ұзақ мерізімді мерізімді өткізіп алу/үмітсіз қарыз).

Несие тарихын қалыптастыру келесі түрде өтеді: несиені рәсімдеген кезде қарыз алушы несие тарихының бюросына деректерін беруге келісімге қол қояды, несие берген күні банк ақпаратты НТБ жібереді. 

Қарыз алушы несие туралы деректерді беруге бас тартуға құқылы, алайда бұл жағдайда банк несие беруден бас тартуы мүмкін. 

Қазақстан азаматтары өздерінің несие тарихын қалай білуге болады?

Қазақстанның әрбір азаматы жылына бір рет өзінің несие тарихын ақысыз Бірінші Несие бюросынан келесі тәсілдермен білуге құқықтары бар:

  1. Жеке басты куәландыратын құжатты ұсыну арқылы Бірінші Несие бюросының кеңсесіне бару арқылы.
  2. Бірінші Несие Бюросының порталынан www.1cb.kz интернет арқылы  немесе электрондық-цифрлік қолтаңба ЭЦҚ болған жағдайда 1СВ мобильдік қосымша арқылы;
  3. Электрондық үкіметтің порталындағы www.egov.kz несие есебі арқылы алуға (оғанда ЭЦҚ қажет);
  4. Нотариус бекіткен қол қойылған өтінішті және жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесін пошталық хабарламаға салып, пошталық бөлімше арқылы.
  5. Myth.kz қызметтер порталы арқылы;
  6. Несие тарихы туралы Халыққа қызмет көрсету орталығының кез келген бөлімшесінен, жеке басты куәландыратын құжатты ұсыну арқылы білуге болады..

Одан кейінгі сұраныстар5f кем дегенде 500 теңге мөлшерінде комиссия салынады: 400 теңге ақпарат берген үшін және 100 теңге төлем операциясын жүргізген үшін. Әртүрлі коммерциялық сервистер мен порталдар қызметті көрсеткен үшін қосымша төлем алуы мүмкін.   

Сіздің несие тарихыңызды кім көре алады?

«Несие бюросы туралы» Қазақстан Республикасының №537-Б заңына сәйкес, несие есепті қарыз алушыдаy басқа :

  • несие ұйымдары (банктер, кішігірім қаржы ұйымдары);
  • тауарларды және қызметттерді несиеге немесе төлемді бөліп төлеуге беретін ұйымдар құқылы.

Несие тарихының сапасы неге әсер етеді және несие алғанда нені білу қажет? 

Қарыз алушының төлем жүргізуге қабілеттігіне баға берген кезде несие ұйымдары міндетті түрде клиенттің несие тарихын қарайды. Бұл клиенттің жауапкершілігі мен қарыздарды төлеу сапасы туралы көріністі береді. 

Көптеген қарыздарды төлеген, төлем кезінде мерізімдерін ұзартпаған немесе бірлі-жарым бұзылулары бар қары алушы, адал қары алушы ретінде қамтамасыз етуді ұсынусыз жеткілікті ірі соммаға банктен мақұлдау алуға үлкен мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, көптеген банктер осындай тәртіпті клиенттерге төмендетілген пайыздық мөлшерлемені ұсынады.   

Несие тарихы бұзылған, несие төлемінің мерізімін жиі ұзартқан, алайда төлемді табысты жапқандарға, қамтамасыз етуді ұсыну кезінде кішігірім несие немесе ірі сомманы алуға мүмкіндік бар.  

Несие тарихы бұзылған қарыз алушыға несие алу қиынға соғады. Несие мерізімін ұзаққа созып алған қарыз алушылардан банктер жиі бас тартады.

Несие тарихы жағымсыз қарыз алушыға несиені қайдан рәсімдеуге болады және жалпы несиені алу керек пе?

Жаман несие тарихы – қарыз алуға айтарлықтай кедергі. Қазақстанның коммерциялық банктерінде жаман несие тарихымен ақшаны қарызға алу қиындықтар туғызады: мұндай қарыз алушыларға банктер несиені бере қоймайды және жиі кепіл немесе кеплігер түрінде қамтамасыз етуді ұсынуды сұрайды.

Кепіл беруге мүмкіндік болмаған жағдайда, жаман несие тарихымен Қазақстанда несиені кішігірім қаржы ұйымдары арқылы алуға болады. Кішігірім қарыздар сондай-ақ артықшылықтар береді:

  • несие алу мүмкіндігі;
  • міндеттерді адал орындаған жағдайда уақыт өте несие тарихы түзеледі.

Жаман несие тарихымен несие рәсімдеуге мұндай несие ұйымдарда тек қана төлқұжатты ұсыну кезінде жолберіледі.  

Егер несие тарихы әлі болмаса, жақсы несиені қалай алуға болады?

Несие тарихының болмауы да, әлеуетті қарыз алушыны бағалаған кезде кері әсер етеді. Несие тарихысыз несие алудың күрделігі, несие міндеттері қалай орындалғаны туралы ақпараттың жоқтығы және рәсімделетін қарызды өтемей қою тәуекелін бағалау күрделігінде.

Қарыз алушының жауапкершілігіне банктің көзін жеткізу үшін, тауарлық несие рәсімдеуге болады немесе кішігірім қаржы ұйымынан қарыз алуға болады. Бірнеше қарызды адал және уақытында төлеп тұру жағымды несие тарихын қалыптастыруға мүмкіндік береді, бұл бұдан әрі несиенің елеулі соммасын лауға мүмкіндік береді.