Телефон в Алматы

8 727 344 05 14

Бесплатный звонок по Казахстану

8 800 080 5005

Обработка заявок: Круглосуточно
График работы Call Center:
Пн - Пт 8:30-19:00,
Сб - Вс 10:00-17:00
Жеке кабинетке кіру
LogoМинизаймы TURBOMoney это:
  • Не выходя из дома
  • до 200 000 тенге
  • Заявка за 5 минут
  • Решение за 5 минут
  • Деньги на карту
Получить заем
АКЦИЯ для новых клиентов
Специальные условия для клиентов, впервые обратившихся в сервис TURBOMoney за займом
100 000 теңгеге дейінгі

Оформить займ

Несие бойынша төлеу мүмкіндік болмаса не істеу керек: қарызды төлеу жөніндегі нұсқаулық

Взять займ с плохой кредитной историей

Қазақстанның көптеген тұрғындары үшін несие -  қажетті затты сатып алу немесе күрделі өмірлік жағдайдан шығу үшін жалғыз тәсіл болып табылады, мысалы, қатты сырқаттанған уақытта. Алайда жағдайлар әртүрлі болады және несиені төлеу мүмкін емес мезгілі туындауы ықтимал. Осындай жағдайларда не істеу керек?

Несие төлемесең не болады?

1-2 рет мерізімді өткізіп алу қарыз алушыға бұзылған несие тарихынан басқа ешқандай қауіп бермейді. Алайда егер қарыз алушы табыс көзінен айырылып қалса және жуық арада қарыздарын өтей алмаса, онда банк қарыздың барлық соммасын өтеп алу үшін сотқа беруге құқылы.

Банк келесі сұлба бойынша әрекет етеді:

  1. Қарыз алушымен диалог. Несие ұйымының қызметкері қарыз алушымен байланысқа шығып, мерізімді өткізіп алудың себебін анықтауға тырысады.
  2. Істі коллекторлық агенттігіне беру. Ұзақ мерізімді өткізіп алу жағдайында банк істі коллекторларға беруге құқылы, егер бұл талап несие шартында көзделген болса.  
  3. Сот талқылауы. Егер адам несиені төлемесе және қарыз бойынша міндеттерін орындауға ешқандай әрекеттер қолданбаса, банк сотқа беруге құқылы. Талап арыс қанағаттандырылған жағдайда,  үкім қағазы беріледі, ол бойынша атқарушы приставтар қарызды өндіретін болады.
  4. Мүлікке тыиым салу. Сот приставтарының қызметі борышкерде бар мүлікті іздейді, мүлік бар болған жағдайда оған тыиым салынады және қарызгердің барлық мүлігін сатуды іске асырады. Алған ақшадан қарыз өтеледі, ал сатылған мүліктен қалған ақша борышкерге қайтарылады. Бұл жағдайда қарыз өтелген деп есептеледі. 

Қамтамасыз ету бар болғанда несие бойынша қарыз қалай өндіріп алынады?

Егер несие кепілге алынса, мысалы, жылжымайтын кепілге ипотека, автонесие немесе кепілгері бар несие, банк қамтамасыз ету арқылы қаражатты өндіріп алу бойынша іс-әрекетті қолданады. 

  1. Ипотека. Кепілге қойылған пәтер сауда қойылады. Сатқаннан кейін банк қарыздың қалған ақшаны, несиені қолданған кезеңге пайызды, айппұл мен тұрақсыздық төлемі мен мүлікті сату бойынша шығындарды ұстап қалады. Егер мүлікті сатудан қаражат қалатын болса, оны қарыз алушыға қайтарады. 
  2. Автонесие. Бұл жағдайда сату процедурасы ипотекаға ұқсас, алайда сатылатын мүлік ретінде несиеге алған автомобиль түседі. 
  3. Кепілгерлік. Егер несие жеке немесе заңды тұлғалық кепілгерге алынса, онда қарызды өтеу бойынша қарыз алушы міндеттерін орындамаған жағдайда, бұл міндет кепілгерге аударылады. 

Мүлік болмаған жағдайда, несиені қалай төлейді?

Егер борышкерде ештене болмаса, ал оның жұбайында неке кезеңі бойынша сатып алған мүлігі болмаса, бұл жағдайда үкім қағазы қайтарылады және үмітсіз қарыз ретінде іс жабылады. Қарызды өтеуді әрине ешкім талап етпейді, алайда несие тарихы толықтай бұзылады, бұдан әрі қарыз алушы Қазақстанның қандай да бір банкінде қайтадан қарыз ақша алуға мүмкіндігі аз болады. 

Егер ақша болмаса несиені жабудың балама нұсқалары 

Көбі табыс көзін жоғалтқаннан кейін, жуық арада несие бойынша төлеу мүмкінсіз болып қалады деп есептейді. Алайда бұл жағдайда ең бастысы – үрейге берілмеу, ақша болмаса несиені төлеудің шешім жолдарын жақсылап ойластыру керек:

  • банкпен келісуге;
  • туысқандар немесе таныстардан қарызға алу;
  • мүлігінің жартысын сату;
  • жаңа несие алу.

Несие бойынша төлеуге мүмкіндік болмаса банкпен қалай келісуге болады?

Қазақстанның кейбір банктерінде осы немесе басқа банкте рәсімделген несиені қайта қарау мүмкіндігі бар. Қарыз алушы несие бөліміне жүгініп, қандай шартта қарызды қайта қарауға болатының білуі тиіс. Жиі жеке өтініші немесе төлеу мүмкіндігі жоқтығын растайтын құжат талап етіледі: табыс көзін жоғалтқанда еңбек биржасынан құжат, сырқаттанған кезінде еңбекке жарамсыздық парағы, бала туу туралы куәлік.

Әдетте қайта қарау кезінде бірнеше кезеңге пайыздық төлемді жойылады немесе қалған қарыздың айлық төлемін азайту үшін бірнеше жылға ұзартады. 

Несиені жабу үшін туған-туысқандардан ақшаны қарызға алуға болады ма?

Әдетте бірнеше уақытқа 1-2 төлемді төлеуге кішігірім ақшаны қарызға бере алады, алайда қомақты ақшаны борышкерге барлығы бере алмайды. Сондай-ақ таныстардан қарызға ақша алғанда, ерте мен кеш пе оны қайтартындығын ойлау керек. Қарызды қайтармау салқын қарым-қатынасқа және туыстардың сенімінен айырылуға әкеледі. 

Мүлікті сату

Егер несие кепілге алынса, банкпен кепілді сату туралы келісімге келуге болады. Егер ешқандай қамтамасыз ету болмаса, онда өз мүлігінді қарастырып, қиын жағдайдан шығу үшін қандай құндылықтарды сатуға болатының ойластыру қажет. 

Қарызды толық немесе оның негізгі бөлігін жабуға мүмкіндік беретін, жиі автомобильді сатады. Сондай-ақ тұрмыстық техниканы, асыл тастар мен металдан бұйымдарды, жиһазды сатуға болады, егер бұл заттардың күйі жақсы болса.

 

Жаңа несие алу

Қаржыгерлер ағымдағы несиені жабу үшін жаңа қарызды рәсімдеуге ұсынбайды. Ерекшелік ретінде бірнеше несиені едәуір тиімді шарттарда бір несиеге біріктіру болып табылады, алайда лһосы жағдайда ай сайынғы төлем бойынша міндет бар. Ал бұзылған несие тарихы көптеген банктерден бас тартуға әкеледі. 

Кішігірім қарыздар қолайлы нұсқасы бола алады, Қазақстан азаматтарына 29 күнге дейін мерізімге 150 000 теңгеге дейін алуға мүмкіндік береді. Мұндай қарыз алу үшін төлқұжат қана қажет, бұл ұйымдар несие тарихына бейілді қарайды. Экспресс-несие мерізімді ұзартып алуға жол бермейді және табыс көзін ізденуге уақыт береді. Егер қарыз алушы несиені төлей алмаса, онда тек қана пайыздарын төлеп, оның мерізімін ұзартуға болады У.

Егер ақша болмаса, несиені төлеудің стандартты емес тәсілдері 

Несиені төлеуде мүшкіл хал жағдайда, төтенше шараларға келуге болады:

  • Туысқандарға немесе таныстарға көшіп, өз пәтерінді тапсыруға болады немесе тұрғын үйдің бір бөлмесін тапсыруға болады.
  • Егер несиені төлей алмасан, кейбір уақытқа немесе сенімді жұмыс орынды тапқанға дейін шыдай тұруға мүмкіндік беретін қысқа мерізімді қосымша ақша табатын жұмыс табуға болады. Хабраламаларды жапсырушылар, пошташы, жүк тасушы және сатушылар әрқашан қажет, ал жұмыс беруші түйіндемеге үлкен талаптар қоймайды. Физикалық шектеулері бар адамдар, үйден отырып жұмыс істейтін жұмысты қарастыра алады, мысалы, телефон бойынша оператор немесе сату менеджері.

Жауапты және сауатты көзқарас кезінде кез келген қаржы мәселесі, кейбір айырылып қалулармен болсын шешуін табады. Материалдық қиындықтар көбінде болады, алайда-қарыз – өз-өзінді күйретуге, жүйке жүйе мен денсаулықты құртуға себеп емес, ол тек қана уақытша қиыншылықтар. 

Kazakh
Другие статьи, которые могут вам понравиться: