8(800)0805005
Қазақстан бойынша тегін
LogoTURBOMONEY шағын қарыздары – бұл:
  • Үйден шықпастан
  • 150 000 теңгеге дейін
  • 5 минутта өтінім беру
  • 5 минутта шешім табу
  • Картаға аударылатын ақша

Қарыз алу

НАУҚАН
Жаңа клиенттерге арналған
TURBOMoney қызметіне қарыз алу үшін алғаш рет жүгінген клиенттерге арналған ерекше шарттар
Қарыздың сыйақысын төлеу барысында 55% -ға дейін жеңілдіктер

Қарызды рәсімдеу

«iFinance» ЖШС-нің құпиялылық саясаты

«iFinance» ЖШС-нің (бұдан әрі – Ұйым) қызметтерін пайдалану пайдаланушының:

  • осы Құпиялылық саясатымен (бұдан әрі - Саясат)
  • Саясатта көрсетілген өзінің дербес деректерін өңдеу талаптарымен сөзсіз келісімін білдіреді.

Ұйым имеет Саясаттың бөліктерін кез келген уақытта бір жақты тәртіппен өзгертуге, қосуға және/немесе алып тастауға құқылы. Саясатқа егізілген барлық өзгерістер turbomoney.kz сайтына (бұдан әрі – Сайт) орналастырылған сәттен бастап күшіне енеді.

Саясат:

  • Ұйым пайдаланушыдан оның Сайтқа кіргенде және сервистерін пайдаланғанда Ұйымнан ақша қарыз алу қызметтерін алған кезде алатын оның дербес деректеріне қатысты қолданылады;
  • бөгде ұйымдардан – Несие бюроларынан, зейнетақы төлеу орталықтарынан және басқа да ұйымдардан (бұдан әрі – үшінші тұлғалар) алынатын деректерге қатысты қолданылады;
  • пайдаланушының дербес деректерін өңдеуді және қорғауды жүзеге асыру тәртібін түсіндіреді.

Бұл ретте Ұйымның тапсырмасымен дербес деректерді өңдеуді іске асыратын үшінші тұлға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген дербес деректерді өңдеуге қойылатын талаптарды сақтауға міндетті.

  1. Дербес деректерді жинау және өңдеу мақсаттары
    1. Ұйым пайдаланушының дербес деректерін мына мақсаттарда жинауды және өңдеуді жүзеге асырады:
      • пайдаланушының жеке басын сәйкестендіру;
      • дербес деректерді пайдаланушы туралы қажетті ақпарат алу үшін, пайдаланушының қарыз туралы Өтінімін қарастыру үшін Несие бюролары мен зейнетақы төлеу орталықтарына беру;
      • Қарыз шартын жасау;
      • пайдаланушымен өзара есеп айырысу;
      • ұсынылған деректер негізінде статистикалық және өзге де зерттеулер жүргізу.
  2. Ұйымның пайдаланушылардың дербес деректерін жинауы және сақтауы
    1. Ұйым пайдаланушы тіркелгенде, қарыз туралы өтінім толтырғанда және Сайтта қарыз алу үшін және Ұйым қызметтерін пайдалану барысында өз бетінше өзі туралы ұсынатын мына ақпараттарын жинауды және сақтауды жүргізуге құқылы:
      • Сайтты пайдаланушылардың дербес деректері, мұндай ақпаратқа мыналар жатады: тегі, аты және әкесінң аты, электрондық почтасының адресі, ұялы телефонының нөмірі, байланыс телефондары (үй және жұмыс телефондары), тіркелген жерінің және тұратын жерінің мекен-жайы, өз банк шотының деректемелері (шоттың нөмірі мен Банк атауы), жеке куәлігінің деректері, жеке сәйкестендіру коды, жұмыс берушінің атауы, еңбекақысының көлемі, еңбекақысы төленген күн, отбасы жағдайы, меншік түрі, пайдаланушылар мен үшінші тұлғалардың Сайтты пайдалану барысында Ұйымға автоматты түрде беретін басқа да деректер;
      • Сайттың парақтарына кіргенде пайдаланушылар туралы сәйкестендірілмеген дербес ақпарат, ол өзіне IP-адресті, cookie-дің, пайдаланушы браузері туралы ақпаратты (және оның көмегімен Сайтқа қатынау іске асырылатын өзге бағдарлама), қатынау уақыты, сұратылатын парақтың адресі, сондай-ақ пайдаланушының интернет-қызметтерінің домендік аты;
      • жөнелтілген және келісілген офертаны қамтитын ақпарат;
      • Сайтты пайдалану үшін ұсынылуы қажетті пайдаланушы туралы басқа да ақпарат.
    2. Ұйым пайдаланушылар ұсынған дербес ақпараттың дұрыстығын тексеруге құқылы. Күмәнді ақпаратты ұсынудың салдарлары Офертада белгіленеді.
    3. Ұйым үшінші тұлғаларға ол туралы дербес ақпаратты мына жағдайларда беруге құқылы:
      • пайдаланушы мұндай әрекеттерге өз келісімен берген;
      • мұндай беру Ұйымға пайдаланушының Сайттың белгіленген сервисін пайдалану аясында не болмаса пайдаланушыға қызмет көрсету үшін қажет болған;
      • дербес деректерді беру пайдаланушы ұсынылған офертада сипатталған талаптарды бұзған кезде Ұйымның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында ҚР заңнамасына сәйкес қажет болған.
  3. Ұйымның пайдаланушылардың дербес ақпаратын өңдеу және оның шарттары
    1. Ұйым пайдаланушылардың дербес деректерін ұйымдастырғанда және өңдегенде Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңының және соған сәйкес қабылданған Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы № 105-V «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңын және Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі № 573-II «Қазақстан Республикасындағы несие бюролары және несие тарихтарын қалыптастыру туралы» Заңын басшылыққа алады.
    2. Ұйым дербес деректерді өңдеуді заңды негізде іске асырады. Тек өңдеу мақсаттарына жауап беретін, өңделуі тиіс дербес деректер ғана өңделеді. Ұйымда өңделетін дербес деректерінің мазмұны мен көлемі өңдеудің мәлімделген мақсаттарына сәйкес келеді, өңделетін деректердің артықтығына жол берілмейді.
    3. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын орындау аясында Ұйым қарыздар беру жөніндегі операцияларды орындау мақсатында дербес деректерді өңдеуді іске асырады.
    4. Ұйымның қызметтер көрсету үшін пайдаланушыдан алған пайдаланушылардың дербес деректері пайдаланушының меншігі болып қалады. Ұйымға дербес деректерін бере отырып, пайдаланушы Ұйымға оларды мыналарды қоса алғанда бірақ олармен шектелмей, кез келген заңды пайдалануға сеніп тапсырады:
      • қарыз беру;
      • осы Қағидалардың 2.3. тармағына сай үшінші тарапқа ақпарат беру;
      • келісілген оферта бойынша келісімдердің орындалуын қадағалау;
      • жарнама ұсыныстарын, соның ішінде үшінші тұлғалардың жаранам ұсыныстарын көрсету.
  4. Құпиялылық
    1. Ұйым құпиялылықты қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды сақтайды.
    2. Үшінші тұлғаларға дербес деректерді беруге Ұйымның пайдаланушы алатын қарыз туралы Өтінімді қарау үшін қажетті ақпаратты алу мақсатында құпиялылық сақталған жағдайда рұқсат етіледі.
    3. Ұйым дербес деректерді белгіленген рәсімді сақтай отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сәйкес пайдаланушының келісімін алған жағдайда үшінші тұлғаларға беруге құқылы.
    4. Алынған Өтінім мен Офертаны өңдеуге қатысу және пайдаланушыға қызметтер көрсету мақсатында Ұйымның Жұмыскерлеріне ақпараттың құпиялылығын сақтау жөніндегі міндеттемелерді қабылдаған жағдайда пайдаланушылардың дербес деректерін өңдеуге рұқсат етіледі.
  5. Дербес деректерді қорғау
    1. Ұйым өзіне Қазақстан Республикасының дербес деректерді қорғау жөніндегі заңнамасының талаптарын сақтау жөнінде міндеттеме алады.
    2. Ұйым пайдаланушылардың дербес ақпаратын қорғаудың барлық қажетті тәсілдерін іске асырды.
    3. Ұйым пайдаланушылардың дербес деректерін қорғау жөніндегі қажетті құқықтық, ұйымдық, техникалық шараларды қолданады. Аталған шаралар өзіне мыналарды қамтиды: дербес деректерді өзгертуді, көшірмелеуді, бұғаттауды, таратуды және қаскүнемдердің өзге де заңсыз әрекеттерін болдырмау.
    4. Ұйымдық және техникалық шаралар деп мыналар ұғынылады, бірақ олармен шектелмейді:
      • дербес деректерді ұйымдастыруға, өңдеуге және қорғауға тек уәкілетті тұлғаларды жіберу;
      • жұмыскерлерге ҚР заңнамасының және Ұйымның дербес деректерді өңдеу және қорғау жөніндегі нормативтік құжаттарының талаптары туралы хабарлау;
      • ұрлауды, әдейі ауыстыруды, рұқсатсыз көшірмелеуді және/немесе жоюды болдырмайтын дербес деректердің материалдық тасығыштарын және олардың айналымын есепке алу және сақтау;
      • дербес деректерді қорғау жүйесін әзірлеу және қамтамасыз ету;
      • дербес деректерді резервтік көшірмелеу.
    5. Ұйым, сондай-ақ үшінші тұлға мыналарды қамтамасыз ететін дербес деректерді қорғау жөніндегі қажетті шараларды қолданады:
      • дербес деректерге рұқсатсыз қатынауды болдырмау;
      • егер мұндай рұқсатсыз қатынауды доғару мүмкін болмаса, дербес деректерге рұқсатсыз қатынау фактілерін уақтылы анықтау;
      • дербес деректерге рұқсатсыз қатынаудың жағымсыз салдарларын азайту.

Ұйымның, сондай-ақ үшінші тұлғалардың дербес деректерді қорғау жөніндегі міндеттері дербес деректерді жинау сәтінен бастап туындайды және олардың жойылған не болмаса иесіздендірілген сәтке дейін қолданылады.

  1. Ұйым ақпараттық қауіпсіздік жүйесін, соның ішінде жаңа технологиялардың дамуына қарай ұдайы нығайтып отыруды жалғастырады.
  1. Пайдаланушының өзінің дербес деректерін жинауға, өңдеуге, сақтауға және беруге келісімі
    1. Сайттың пайдаланушысы Сайтта Өтінімді толтырғанда Құпиялыллық саясатымен келісетінін растай отырып, Саясатта және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен өзінің дербес деректерін жинауға, өңдеуге, сақтауға және беруге келіседі және рұқсат береді.
    2. Егер пайдаланушы осы Саясаттың талаптарымен келіспесе, ол Сайтты, Ұйымның қызметтерін пайдаланудан және дербес деректерін беруден тартынуы тиіс.
  2. Пайдаланушының құқықтары
    1. Дербес деректердің меншік иесі (пайдаланушы) құқылы:
      • Ұйымда, сондай-ақ үшінші тұлғада өзінің дербес деректері бары туралы білуге, сондай-ақ мыналарды қамтитын ақпарат алуға:

- дербес деректерді жинау және өңдеу фактісін, мақсаттарын, көздерін, тәселдерін растау;

- дербес деректер тізбесі;

- дербес деректерді өңдеу мерзімдерін, соның ішінде оларды сақтау мерзімдерін.

  • Сайттағы Жеке кабинетке кіру арқылы өзінің дербес деректеріне қатынау алуға;
  • Қарыз шарты бойынша қабылдаған барлық міндеттемелерін орындаған жағдайда дербес деректерді жинауға, өңдеуге келісімін қайтарып алуға;
  • өзінің дербес деректерін дербес деректердің жалпыға бірдей қолжетімді дереккөздерге таратуға келісімін беру, одан бас тарту. Қазақстан Республикасының «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңы.
  1. Жауапкершілігі
    1. Ұйымның, сондай-ақ оның дербес деректерге қолжетімділігі бар жұмыскерлерінің дербес деректерді өңдеуді және қорғауды реттейтін талаптарды орындамағаны үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және Ұйымның ішкі құжаттарына сай реттеледі.
  2. Қорытынды ережелер
    1. Осы Саясат тек Ұйымның Сайтына таратылады және пайдаланушы Ұйымның Сайтында орналастырылған сілтемелерді пайдаланып, ауысуы мүмкін басқа сайттарға таратылмайды.
    2. Осы Саясат Қазақстан Республикасының дербес деректерді жинау, өңдеу, сақтау және қорғау бөлігінде заңнамасының өзгеруіне қарай өзгеруі мүмкін. Ұйым пайдаланушыларға аса маңызды өзгерістер туралы электрондық почта арқылы хабарлаға құқылы. Осы Саясат, сондай-ақ оған кез келген өзгерістер мен толықтырулар егер жаңа редакцияда өзгеше көзделмесе, барлық мүдделі тұлғалардың танысуы мақсатында Сайтқа орналастырылған сәттен бастап күшіне енеді.
    3. Саясатқа қатысты қандай да бір мәселелер туындағанда, пайдаланушылар Ұйыммен Сайтта көрсетілген деректер бойынша телефон, факс, e-mail, электрондық почтаға жазбаша жүгіну арқылы немесе Сайтта немесе Жеке кабинетте хабарлама қалыптастыру жолымен байланыса алады.