8(800)0805005
Қазақстан бойынша тегін

Тұтынушылық несиелер: бұл дегеніміз не?

Тез арада тоңазытқыш, кір жуғыш машина, смартфон, компьютер, ноутбук сатып алу керек болған, бірақ оларды сатып алуға нақты ақша болмайтын жағдайда кімге таныс емес? Немесе автокөлік, пәтер, жиһаз қажет болғанда, бірақ бүкіл құнын төлеуге мүмкіндігіңыз болмаса ше? Бұл жағдайлардан шығатын жол бар — тұтынушылық қарыз қаржылай сипаттағы барлық проблемаларды шешеді. Оның көмегімен тауарды сатып алуға, ал оның несиесін біртіндеп, шағын бөліктермен төлеуге болады. Тұтынушылық қарыз жоғары емес пайыздармен ұзақ пайдаланылатын тауарларды ғана емес, сондай-ақ тіптен азық-түлік өнімдерін сатып алуды, пәтерлерді жөндеуді, демалысты ресімдеуге болады.

Қарызды әртүрлі ресімдеуге болады, барлығы оның түрі мен несиені алу мақсаттарына байланысты болады.

Тұтынушылық несиелердің түрлері:

Сонымен, тұтынушылық қажеттіктерге арналған несиелер қандай болады? Түрлі критерийлерге сүйеніп, қарыздарды мына түрлерге бөлуге болады:

  • Ресімдеу мерзіміне қарай олар қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болады. Қысқа мерзімді несиелер бір жылға дейінгі мерзімге, ұзақ мерзімді несиелер шамамен 3-5 жылға ресімделеді.
  • Қарыз қамсыздандырумен бірге немесе онсыз ресімделеді. Қамсыздандыруы бар қарызбен онсыз қарызға қарағанда ақшаны көбірек алуға болады. Пайыздық мөлшерлемесі елеулі төмен қойылады. Қамсыздандыру болып әдетте кепілге берілген мүлік немесе кепілгерлік танылады.
  • Қарыздарды мемлекеттен осыған құқық алған банктер немесе басқа да қаржы ұйымдары береді.
  • Сатып алу мақсаттарына қарай мақсатты және мақсатты емес түрлерге бөлінеді. Мақсатты түрінде қарыз алушыда нақты затты немесе несиелендіру шартында көрсететін қызметті сатып алуға ниеті болады. Мақсатты емес түрінде ақша нақты тауарларды немесе қызметтерді көрсетпей, шұғыл мұқтаждықтарға беріледі.
  • Берілу тәсіліне қарай жедел қарыздар, несие карталары бойынша немесе онлайн ресімделеді.

Кез келген тұтынушылық қарызды Қазақстанда ресімдеуге болады.

Тауарды несиеге сатып алудың артықшылықтары мен кемшіліктері

Сіздің тұтынушылық қарызды қандай мақсаттарға, тұрмыстық техникаға немесе пәтерге алғыңыз келгені маңызды емес, шешімнің артықшылықтары мен өз кемшіліктері бар. Несиелеу беретін артықшылықтардың бірі ретінде мыналар аталады:

  • Тауар құнын ұзақ уақыт бойына азғантай төлемдермен төлеу, бұл сіздің бюджетіңізге нұқсан келтірмейді;
  • Қажетті ақшаны жинақтауға уақыт жұмсамай, затты аса қажет болғанда кезде пайдалану;
  • Қажетті соманы жинақтағанға дейін заттың сөрелерден жоғалып кететітінен немесе қымбаттауынан қорықпай, оны бірден сатып алу.

Кемшіліктері ішінде сатып алудың нақты құнынан аздап артық төлеуді атайды, онымен қарызға берілген ақшаны пайдаланғаны үшін пайыздары өтеледі. Тауарды сатып алудың психологиялық сәті де бар. Мәселен, телефон сатып ала отырып, сіз сатып алудан салыстырмалы түрде қысқа мерзімде болатын қанағат сезімін аласыз. Бұл ретте телефонға арналған несиені тіптен егер телефон өзіңізге ұнамай қалса да, төлеуді жалғастыра бересіз.

Қазақстанда тұтынушылық несиені қайдан ресімдеуге болады?

TURBOMoney компаниясы тұтынушылық несиені аса қысқа мерзімде беруге дайын. Несиеге өтінімді үйден шықпай жатып, онлайн ресімдеуге болады. Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, Қазпочтада шот немесе банк картасының болғаны, кәмелетке толған болу жеткілікті. Бізге телефон шалыңыз немесе менеджермен онлайн хабарласыңыз — көп дегенде бір тәулікте қажетті сома сіздің шотыңызда болады.

TurboMoney-ден тұтынушылық несиелер – қарапайым, жылдам, ыңғайлы!

3 кезеңде қарыз ақша алыңыз
Сома мен алу мерзімін теріңіз 1
Өтінімді толтырыңыз 2
Ақшаны карта арқылы алыңыз 3
LogoTURBOMONEY шағын қарыздары – бұл:
  • Үйден шықпастан
  • 150 000 теңгеге дейін
  • 5 минутта өтінім беру
  • 5 минутта шешім табу
  • Картаға аударылатын ақша

Қарыз алу

НАУҚАН
Жаңа клиенттерге арналған
TURBOMoney қызметіне қарыз алу үшін алғаш рет жүгінген клиенттерге арналған ерекше шарттар
Қарыздың сыйақысын төлеу барысында 55% -ға дейін жеңілдіктер

Қарызды рәсімдеу