Телефон в Алматы
8 727 344 05 14
Бесплатный звонок по Казахстану
8 800 080 5005
Обработка заявок: Круглосуточно
График работы Call Center:
Пн - Пт 8:30-19:00,
Сб - Вс 10:00-17:00
Жеке кабинетке кіру

Түркияға екі кісіге жолдама;

розыгрыш 10 сертификатов Turbomoney

 

Назад в ЛК

 

 

«Turbomoney.kz -тен өз жүлдеңді таңдап ал» ұтысын өткізу қағидалары

1.1. Жалпы қағидалар

1.1. Осы қағидалар ынталандырушы іс-шара болып табылатын және Қазақстан Республикасы аумағындағы тұтынушылардың «iFinance» ЖШС өніміне деген жоғары назарын тартуға, «iFinance» ЖШС атауын танымал етуге, «iFinance» ЖШС өніміне қазіргі бар клиенттердің сенімділігін арттыруға және жаңа клиенттерді тартуға бағытталған «Өз жүлдеңді ұтып ал» (бұдан әрі «Ұтыс» деп аталатын) ұтысын ұйымдастыру және өткізу тәртібін регламенттейді.

1.2.Ұтыс Қазақстан Республикасының аумағында өткізіледі.

1.3.Ұтыс лотерея не тәуекелге негізделген өзге де ойын болып табылмайды және Ұтысқа қатысушылар Ұтысқа қатысуымен байланысты мүліктік тәуекелде болмайды. Ұтысты өткізу рәсімі қатысушыладың төлем енгізуімен байланысты емес және Ұтыстың жүлделік қоры Ұйымдастырушының қаражаты есебінен ғана қалыптасады.

1.4.Ұтыстың жүлделік қоры Ұйымдастырушы «iFinance» ЖШС қаражаты есебінен қалыптасқан, жүлденің ақша баламасы – 1 100 000 теңге.

  1. Түркияға екі кісіге жолдама;
  2. iPhone 11 Pro.

2. Ұтысты ұйымдастырушы

2.1. Осы Қағидаларға сәйкес ұтысты беру туралы жариялаған тұлға осы Қағидалардың мәтіні бойынша жоғарыда және бұдан әрі Ұйымдастырушы/Акцияны ұйымдастырушы деп аталатын «iFinance» ЖШС болып табылады, мекенжайы: Алматы қаласы, индексі 050005, Алмалы ауданы, Төле би көшесі, 265-ү й.

  • Веб-сайт https://turbomoney.kz
  • Қолдау қызметі (күн сайын 9:00-ден 20:00-ге дейін): callto: +7(727)3440514

3. Ұтыстың өту мерзімі:

3.1. Басталу күні: 2020 жылғы 1 наурыз

3.2. Аяқталу күні: 2020 жылғы 30 маусым (қоса алғанда)

3.3. Ұтысты өткізу мен Ұтыстың жеңімпаздарын айқындау күні: 2020 жылғы 1 шілдеден бастап                  2020 жылғы 9 шілдені қоса алғандағы кезең аралығы.

3.4. Ұтыс жүлдесін беру мерзімі: 2020 жылғы 9 шілдеден бастап 2020 жылғы 10 шілдені қоса алғандағы кезең аралығы.

3.5. Ұйымдастырушының қарауы бойынша Ұтысты өткізу кезеңі мен нәтижелерді жариялау күні  9 (тоғыз) күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге өзгертілуі мүмкін.

4. Ұтысты өткізу тәртібі.

4.1. Ұтысты өткізу және Ұтыс Жеңімпазын (1 адам) айқындау тәртібі:

4.2. Ұтыс Random.org (қатысушыларды кездейсоқ іріктеу генераоры) сервисі көмегімен өткізіледі.

Нөмірі Random.org сервисімен өз бетінше іріктелген Ұтысқа қатысушы Жүлде алуға құқығы бар Ұтыс жеңімпазы (бұдан әрі – Ұтыс жеңімпазы) болып табылады.

5. Ұтысқа қатысушыға қойылатын жалпы шарттар:

5.1. Қазақстан Республикасының аумағында тұрып жатқан, әрекет қабілеттілігі бар 21 (жиырма бір жасқа) толған кез келген жеке тұлға Ұтысқа қатысушы бола алады.

5.2. Ұйымдастырушы «iFinance» ЖШС-ның қызметкерлері (Ұйымдастырушымен еңбек шартын жасасқан тұлғалар), сондай-ақ олардың отбасы мүшелері және үлестес компаниялар мен жеткізушілердің қызметкерлері) Ұтысқа қатысушы бола алмайды.

5.3. Акция Қазақстан Республикасының аумағында өткізіледі.

5.4. Ұтысты 01.03.2020 ж. – 30.06.2020 ж. (қоса алғанда) өткізу кезеңінде кез келген сомаға қарыз алғандар Ұтысқа қатысушылар болып табылады.

6. Ұтыс алу шарттары

6.1. Ұтыс өткізілгеннен кейін Ұтыс жеңімпазы сауалнамада көрсетілген ұялы телефон нөміріне Ұтыс жеңімпазын айқындау фактісі туралы хабарлама, оның Жеңімпаз болып танылуы және Жүлде ұтқаны туралы ақпарат алады.

6.2. Ұтыс нәтижелері https://turbomoney.kz сайтында жарияланатын болады. Ұтыс шарттарының өзгеруі тралы ақпарат https://turbomoney.kz сайтында, «Жаңалықтар» деген бөлімде болады.

6.3. Ұтысты алу үшін Жеңімпаз өзінің нақты деректерін ұсынуы тиіс: ұялы телефон нөмірі, ЖСН, А.Ә.Т., тұрып жатқан қаласы, жеке куәлігінің түпнұсқасы.

6.4. Егер акция өткізіліліп, қорытындылар жарияланғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде Ұйымдастырушыға байланысты емес кез келген себептер бойынша Жеңімпазбен байланыса алмағанда, ол осы Жүлдені алу құқығынан айырылды, Ұйымдастырушының жүлдені басқа Жеңімпазға беруге құқығы бар.

6.5. Акция аяқталып, қорытындылар жарияланғаннан кейін 5 (бес) жмыс күні ішінде талап етілмеген немесе Акция жеңімпазының кез келген себептері бойынша ұтыстарды алудан бас тартқан жағдайда, Ұйымдастырушы ұтысты кезек тәртібімен резервтегі Жеңімпазға беру құқығын өзіне қалдырады.  

6.6. Егер қатысушылар жеңіс үшін жосықсыз әдістерді қолданса, Ұйымдастырушының өз қарауымен пайдаланушыларды қатысудан шеттетуге құқығы бар.

6.7. Акцияға қатыса отырып, Акция қатысушысы осы Қағидалармен танысқанын және олардың шарттарымен келіскенін растайды.

6.8. Ұйымдастырушы қажет деп санаса, кез келген уақытта Акциянының күшін жою немесе ұзарту, жүлде мөлшерін және құрамын өзгерту, сонымен қатар осы шарттарды өзгерту құқығын өзіне қалдырды. Ұйыдастырушы қатысушылардың назарына уақытылы жеткізеді.

6.9. Қатысушы болған тұлға, егер ол Акцияның жеңімпазы болған жағдайда Ұйымдастырушы тегі, фотосуреті, тұратын қаласы сияқты жеңімпаз туралы ақпаратты көпшілікке жариялауға құқылы екеніне келіседі және Ұйымдастырушыға көпшілікке жариялауға және мұндай Қатысушыға қандай да бір сыйақы төлеместен, ақпататты ашуға укілеттілік береді.

6.10. Ұйымдастырушы «iFinance» ЖШС Жеңімпаздың атын өзінің барлық маркетингтік материалдарында пайдалану құқығын өзіне қалдырады.

6.11. Қажет болған жағдайда, жүлдені беру мақсатымен Ұйымдастырушы «iFinance» ЖШС Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарға ұсыну үшін Акцияға қатысушылардан қажетті ақпаратты, соның ішінде қатысушылардың жеке деректерін талап етуге құқылы.

6.12. Ұтыс жеңімпазы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен көзделген барлық салықтар мен алымдарды төлеуге және ол үшін өз бетінше жауаптылықта болуға міндетті.

Назад в ЛК