8(800)0805005
Қазақстан бойынша тегін
LogoTURBOMONEY шағын қарыздары – бұл:
  • Үйден шықпастан
  • 150 000 теңгеге дейін
  • 5 минутта өтінім беру
  • 5 минутта шешім табу
  • Картаға аударылатын ақша

Қарыз алу

НАУҚАН
Жаңа клиенттерге арналған
TURBOMoney қызметіне қарыз алу үшін алғаш рет жүгінген клиенттерге арналған ерекше шарттар
Қарыздың сыйақысын төлеу барысында 55% -ға дейін жеңілдіктер

Қарызды рәсімдеу

«iFinance» ЖШС-нің қарыздарды беру және оларға қызмет көрсету қағидалары

1. Жалпы ережелер

1.1. Қарыздарды берудің және оларға қызмет көрсетудің осы Қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 36 тарауының 395-397 баптарына және Қазақстан Республикасының қолданыстағы өзге де заңнамасына сәйкес әзірленген.

1.2. Қағидалар «iFinance» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі – Қарыз беруші немесе Ұйым) Қазақстан Республикасының азаматтары – жеке тұлғаларға қарыздар беру тәртібі мен шарттарын белгілейді, Қарыз алушының Қарыз шартын жасау туралы оферта-өтініш беру тәртібін, Қарыз берушінің офертаны акцепттеу тәртібін, Қарыз шарты бойынша Тараптардың құқықтары мен міндеттерін, Қарыз шартының талаптарын тиісті түрде орындауға қажетті ақпаратты және өзге де талаптарды белгілейді.

1.3. Қағидалар танысу үшін барлық тұлғаларға turbomoney.kz сайтында қолжетімді.

2. Терминдер мен анықтамалар

2.1. Акцепт – Қарыз берушінің Өтінім беруші ұсынған Қарыз сомасын Клиенттің Офертасында көрсетілген мерзімде және тәртіппен аударуын не болмаса Қарыз шартының қолданылуын ұзартуды білдіретін Қарыз талаптарымен келісуі.

2.2. Серіктес Банк – «iFinance» ЖШС-нің Қарыз шартының талаптарын орындауын қамтамасыз ету үшін Ұйыммен серіктестік қатынастарда болатын заңды тұлға.

2.3. Сыйақы – Қарыз алушының Қарыз берушіге жылдық көлемнің есебіне сүйеніп, Негізгі қарызға қатысты пайызбен көрсетілген Қарыз шартында белгіленген көлемде ақшаны (қарызды) пайдаланған әр күн үшін төлейтін ақысы.

2.4. Ақшалай аударым – Қарыз берушінің Қарыз алушының банк шотына ақша қаражаттарын аударымы.

2.5. Қарыз шарты – Қарыз берушінің Қарыз алушының Қарыз алу шартын жасау туралы Офертасын акцепттеу жолымен Қарыз беруші мен Қарыз алушының арасында жасалған және осы Қағидалардың талаптарына жауап беретін ақылылық, мерзімділік және қайтарымдылық талаптарымен қарызға ақша беру туралы шарт.

2.6. Төлем (Қарызды қайтару және сыйақыны төлеу) күні – Қарыз алушының Қарыз берушінің шотына ақша аудару күнінен бастап есептелетін Қарыз шартында белгіленген қарыз мерзімінің соңғы күні.

2.7. Берешек – Негізгі қарыздың сомасын, қарызды пайдаланғаны үшін есептелген, бірақ төленбеген сыйақының сомасын, комиссияларды, айыппұлдарды, өсімақыларды, тұрақсыздық айыбын және Қағидаларда және/немесе Қарыз шартында көзделген өзге де төлемдерді қоса алғанда Қарыз алушының Қарыз берушіге төлеуі тиіс барлық ақша сомалары.

2.8. Қарыз – Қарыз берушінің Қарыз алушыға Қарыз шартына сәйкес кәсіпкерлік қызметті іске асырумен байланысты емес тұтыну мақсаттарына Қазақстан Республикасыныың валютасы – теңгемен ұсынатын ақшалай қаражаттары.

2.9. Тіркелген нөмір – Сайтқа тіркелу барысында не болмаса белгіленген рәсімге сәйкес Өтінімнің деректерін әрі қарай өзгерту барысында Клиенттің көрсеткен және растаған ұялы телефонының нөмірі.

2.10.Өтінім беруші/Клиент  – turbomoney.kz. сайтындағы Оферта-өтінішті толтыру жолымен Қарыз берушімен Қарыз шартын жасауға ниетті 18 жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматы, әрекетке қабілетті жеке тұлға.

2.11. Қарыз алушы – Қарыз берушіге Оферта жолдау жолымен Қарыз берушімен Қарыз шартын жасаған 18 жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматы, әрекетке қабілетті жеке тұлға.

2.12. Қарыз беруші/Ұйым – Алматы қаласының әділет департаментінің Алматы аудандық әділет басқармасында 2016 жылдың «27» сәуірінде тіркелген, БСН 160440030661, Өтінім беруші жолдаған Офертаны акцепттеу жолымен Қарыз шартын жасаған «iFinance» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

2.13. Жеке кабинет – Клиентке өзінің есептік жазбаларына қатынау және оепарациялар жасау және сайттың сервистерін пайдалану мүмкіндіктерін ұсынатын тек Клиентке ғара қолжетімді Қарыз берушінің сайтының арнайы бөлімі.

2.14. Оферта, Оферта-өтініш /Өтінім – Өтінім берушінің «iFinance» ЖШС-не осы Қағидалардың талаптарымен Қарыз шартын жасау туралы ұсынысы не болмаса Қарыз шартының қолданылу мерзімін ұзарту туралы ұсынысты қамтитын құжат.

2.15. Негізгі қарыз – жасалған Қарыз шарты аясында Қарыз алушының Қарыз берушіден алған ақшалардың сомасын білдіретін және Қарыз алушының Қарыз шартында көзделнен мерзімде қайтармаған (өтемеген) берешегінің бір бөлігі.

2.16. Пароль – Сайтқа тіркелу барысында Клиент жасаған немесе Клиентке ұсынылған немесе кейіннен өзі белгілеген және оған Жеке кабинетке қатынау ұсыну мақсатында Клиентті сәйкестендіру үшін пайдаланылатын символдардан құралатын құпия таңбаланым.

2.17. Құпиялылық саясаты  – Өтінім берушілер мен Қарыз алушылардың дербес деректерін жинақтау, сақтау және өңдеу тәртібін белгілейін «iFinance» ЖШС бекіткен құжат.

2.18. Қағидалар – «iFinance» ЖШС қарыздарын ұсынудың және қызмет көрсетудің осы Қағидалары.

2.19. Қарызды ұзарту– Қарыздың мерзімін ұзарту жолымен Қарыз шартының талаптарын өзгерту

2.20. Қайта құрылымдау– Қарыз шартының талаптарын, атап айтқанда: Қарызды беру (оны ұзарту) мерзімін, Қарызды пайдаланғаны үшін сыйақының көлемін, Клиенттің бар Берешегінің көлемін өзгерту, сондай-ақ төлемдер кестесін әзірлеу.

2.21. Сайт – turbomoney.kz адресі бар Ұйымның интернет-парағы.

2.22. Скоринг – Қарыз берушінің Клиент ұсынған дербес деректерге сараптама жүргізуі.

2.23. СМС-код – Қазақстан Республикасының 07.01.2003ж. № 370-II «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Заңының нормаларына және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес СМС-хабарлама (SMS) арқылы Клиентке ұсынылатын өз қолымен қойылған қолтаңбаның аналогын білдіретін бірегей құпиялы символдық код. СМС-кодты Қарыз алушы Қарыз берушімен қашықтан өзара әрекеттесу барысында электрондық құжатттарға қол қою үшін пайдаланады.

2.24. Шот – Қарыз алушының банк шоты, оған Офертаға, Қарыз шартына және осы Қағидаларға сәйкес Қарыз сомасы аударылады (Қарыз алушыға тиесілі банк картасы шоты немесе ағымдағы шот, банк деректемелері бар банк шотының нөмірі).

2.25. Есептік жазба – содержащаяся на Сайтта бар Өтінім берушіге/Қарыз алушыға қатысты, ол, оның Сайттағы әрекеттері туралы деректер, соның ішінде оны қуаттауға арналған сәйкестендіру деректері қамтылған электронды тізілім жазбасы. Қарыз шарты және/немесе Оферта-өтініш мәтіні бойынша терминді бір мәнді түсіндіру мүмкін болмаған жағдайда, бірінші кезекте осы Қағидаларда, кейіннен – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген терминнің түсініктемесі қабылданады.

2.26. Электрондық почта жәшігі – Клиенттің Сайтқа Тіркелу барысында не болмаса белгіленген рәсімге сәйкес өтінімнің деректерін әрі қарай өзгерту барысында көрсеткен Клиенттің электрондық почтасының адресі.

2.27. Терминдер Офертаны акцепттеу кезінде жасалған Оферта-өтінішке/Өтінімге/Қарыз шартына және осы Қағидаларға сай Клиент пен Ұйымның арасында ресімделетін өзге де құжаттарға таратылады. Қарыз шартының мәтіні бойынша терминді бір мәнді түсіндіру мүмкін болмаған жағдайда, бірінші кезекте осы Қағидаларда белгіленген терминнің түсініктемесі қабылданады.

3. Қарыздардың параметрлері

3.1. Қарыз Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгемен беріледі.

3.2. Қарыздарды Ұйым 7 000 (Жеті мың) теңгеден 150 000 (Бір жүз елу мың) теңгеге дейін 5 (бестен) 30 (отыз) күнтізбелік күнге дейінгі мерзімге береді. Қарыздың көлемі ең аз 1000 (бір мың) теңге қадамымен таңдалады, қарыздың мерзімі ең аз 1 (бір) күнтізбелік күн, бірақ кем дегенде 5 (бес) күнтізбелік күн қадамымен таңдалады.

3.2.1. Өтінім беруші Қарызды алуға алған қайырылғанда, қарыздың ең көп сомасы 55 000 (Елу бес мың) теңгеден аспайтын көлемде беріледі.

3.2.2. Қарыз алушы 2 (екінші) және одан кейінгі қарызға қайырылғанда Қарыз алушы алдыңғы қарыздар мен олар бойынша сыйақыны уақтылы өтеген жағдайда қарыздың ең көп сомасы 150 000 (Бір жүз елу мың) теңгені құрайды.

3.2.3. Қарыз алушы 2 (екінші) және одан кейінгі қарызға қайта қайырылғанда Қарыз алушы алдыңғы қарыздар мен олар бойынша сыйақыны уақтылы өтеген жағдайда қарыздың ең көп сомасы 55 000 (Елу бес мың) теңгені құрайды.

3.3. Қарыз Қазақстан Республикасының азаматтары – жеке тұлғаларға тұтынушылық мақсаттарға мерзімділік, ақылылық және қайтарымдылық қағидаттарымен беріледі.

3.4. Офертада Өтінім беруші Қарыз сомасы мен мерзімін өз бетінше белгілейді.

4. Офертаны жіберу және қарау тәртібі

4.1. Ұйым егер Өтінім беруші мынадай талаптарға сәйкес болса, Өтінімді қарауға алады:

4.1.1. Өтінім берушінің жасы Офертаны жіберген сәтте 18-ге (он сегізге) толса;

4.1.2. Өтінім беруші Қазақстан Республикасының азаматы болып табылса;

4.1.3. Өтінім берушінің Қазақстан Республикасының аумағында тұрғылықты тұратын жер болса;

4.1.4. Офертаны қарау кезінде Өтінім берушіде Ұйымның алдында мерзімі өткен Берешегі болмаса;

4.1.5. Өтінім берушіде Қазақстан Республикасының банкі шығарған жеке, қолданыстағы банк картасы және/немесе Қазақстан Республикасының банкінде ашылған ағымдағы шоты болса.

 4.2. Офертаны жіберердің алдында Өтінім беруші Құпиялылық саясатымен және осы Қағидалармен танысуға міндетті.

4.3. Қарыз шарты Өтінім берушінің Сайтта ұсынылған нысанға сай әзірлеген Офертаны Ұйымның Акцепттеген сәтінен бастап жасалған болып есептеледі.

4.4. Қарыз берушіден сұратылатын Қарыздың сомасы мен мерзімін Клиент Жеке кабинет арқылы өз бетінше көрсетеді.

4.5. Өтінім беруші берілген Қарыздың сомасын қайтаруға және Қарызды пайдаланғаны үшін есептелген сыйақыны Қарыз шартында белгіленген және Клиенттің жеке қабинетінде көрсетілген тәртіппен және мерзімдерде төлеуге міндеттенеді.

4.6. Өтінім беруші Ұйымға қажетті құқыққа және әрекетке қабілетке, сонымен бірге Қарыз шартын жасауға және орындауға қажетті барлық құқықтар мен өкілеттіктерге ие екеніне кепілдік береді.

4.7. Өтінім беруші өзіне Ұйымға Өтінімде дұрыс мәліметтерді көрсететіні туралы міндеттеме алады.

4.8. Қарыз алуға ниетті Өтінім беруші Сауалнама мен Өтінім толтыру жолымен Сайтқа тіркелуі тиіс, бұл ретте ол Ұйымға тегін, атын, әкесінің атын; жынысын; туған күні мен жерін; азаматтығын; жеке басын куәландыратын құжаттың деректерін; ЖСН-ді; тіркелген жері мен тұратын жерінің мекен-жайын; соңғы тұрған жердегі тұру мерзімін және тұрғын үйдің меншік иесі кім екенін; ұялы телефонының нөмірін, үй және жұмыс телефондарын (ар болған жағдайда), Өтінім иесіне тиесілі электрондық почтаның адресін; жұмыспен қамтылу туралы мәліметтерді, айлық табысының және ай сайынғы шығыстары көлемін; соңғы жалақы мен аванс күнін, отбасылық жағдайын және балалардың және 18 жасқа дейінгі және одан ересек асыраушылардың санын; мүлкі мен меншігі туралы мәліметтерді; баламалы байланыс туралы деректерін, Қазақстан Республикасының банктерінде несиелерінің бар-жоғы туралы мәліметтерді, банк деректемелері мен өзге де ақпаратты қоса алғанда Сауалнамада және Өтінімде қажет етілетін бүкіл ақпаратты ұсынуға келіседі.

4.9. Қарыз шартын жасауға қажетті Өтінім берушінің дербес деректері Офертаны қамтиды, бұл: тегі, аты, әкесінің аты; ЖСН; тіркелген жері мен Өтінім иесіне тиесілі тұратын жерінің мекен-жайы; банк деректемелері, ұялы телефонының нөмірі, және электрондық почтаның адресі.

4.10. Өтінім беруші Өтінімнің қажетті жолдарын – Шот нөмірі мен банктің атауын толтыра отырып, Қарызды алу тәсілін өз бетінше таңдайды.

4.11. Өтінім беруші мыналармен келіседі:

  • осы Қағидалардың талаптарымен;
  • құпиялылық саясатымен;
  • өзінің дербес деректерін еркін, өз бетінше және өз мүддесіне Ұйымға Сайт арқылы, SMS-хабарламалармен, Қазақстан Респубикасының дербес деректерді қорғау туралы қолданыстағы заңнамасына сәйкес кез келген байланыс құралдарын пайдаланып, ауызша және/немесе жазбаша беретінімен;
  • өзінің дербес деректерін жинақтауға және өңдеуге. Бұл ретте дербес деректерді өңдеу деп Ұйымның Қарыз шарты аясында жасалған дербес деректерді жинақтауға, сақтауға, өзгеруге, толықтыруға, пайдалануға, таратуға, иесіздендіруге, бұғаттауға және жоюға бағытталған іс-әрекеттер ұғынылады;
  • Қарыз шартын жасау не болмаса Қарызды беруден бас тарту үшін дербес деректерді, сондай-ақ Қарыз алушы Қарыз шарты бойынша өз міндеттемелерін бұзған жағдайда – сот немесе сотқа дейінгі тәртіппен мерзімі өткен берешекті әрі қарай өндіріп алу үшін пайдалануға;
  • оның төлем қабілетін анықтау мақсатында Ұйымның ол туралы ақпаратты кез келген үшінші тұлғалардан сұратуға құқылы екендігіне;
  • жинауды, жазуды, жүйелеуді, жинақтауды, сақтауды, нақтылауды (жаңарту, өзгертуді), алып қоюды, пайдалануды, беруді (ұсыну, тарату, қатынау), соның ішінде трансшекаралық беруді, иесіздендіруді, бұғаттауды, алып тастауды және жоюды, сондай-ақ оларды өңдеу нәтижесінде алынған Өтінім берушінің өзге де дербес деректерін жоғарыда көрсетілген өңдеуді қоса алғанда дербес деректерді жинақтау мен өңдеуді соның ішінде үшінші тұлғалардың автоматтандыру құралдарын пайдаланып немесе мұндай құралдарды пайдаланбай іске асыратынына;
  • Клиенттің Сайтта Өтінімді (тіркеу) толтыру кезінде көрсеткен ұялы телефон нөміріне Үйымның жолдаған арнайы кодты Сайттағы Клиенттің Жеке кабинетінде қуаттау арқылы толтырған байланыс ақпаратының дұрыстығымен;
  • Ұйымның Өтінім берушінің хабаралған кез келген ақпаратты кез келген тәсілмен, соның ішінде Ұйымның Клиент көрсеткен телефондар нөмірлеріне қоңырау шалу арқылы тексеруіне. Ұйым Клиенттің несие алғысы келетіні туралы хабарлауға және Клиенттің Өтінімде/Офертада және Қарыз шартында ұсынған ақпаратты тексеретін сұрақтар қоюға құқылы;
  • Ұйымның Қарыз алушының Қарыз шарты бойынша өз міндеттемелерін толығымен тиісті түрде орындаған сәтке дейін дербес деректерін пайдалануға құқылы екендігіне;
  • Ұйымнан соның ішінде СМС жіберілімдер түрінде, қызметтер, Ұйымның жаңалықтары мен акциялары туралы жарнамалық және өзге де ақпараттар алуға.
  • Ұйым төлем жүргізген кезде қарыз шарты нөмірі, Қарыз алушының ТАӘ, қарыз алушының ЖСН және Ұйымның банк деректемелері дұрыс көрсетілмеген жағдайда қарыз бойынша берешек сомалардың өтелгеніне және ақша қаражаттарының төлемді жөнелтушіге қайтарылғаны үшін жауап бермейді.
  • несие бюроларына өзі туралы ақпаратты беруге және несие бюросынан өзі туралы несие есебін беруге келісімдерін ресімдеуге. Несие бюросын таңдау құқығы Ұйымға беріледі.

4.12. Клиент толтырылған байланыс деректерінің дұрыстығын Сайттағы Сауалнаманы (тіркеу) толтырған кезде көрсеткен ұялы телефонға Қарыз беруші жолдаған арнайы кодты Сайттағы Клиенттің Жеке кабинетінін қуаттау арқылы растауға міндетті. Көрсетілген арнайы код бірегей болып табылады және Қазақстан Республикасының 07.01.2003 ж. № 370-II «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Заңының нормаларына сай қарапайым электрондық қолтаңбаны білдіреді және Клиенттің тиісті түрде өз қолымен қойылған қолтаңбасының аналогы (сәйкестендіру ақпаратының жиынтығы) болып есептеледі.

4.13. Егер Клиент осы Қағидаларға сай Қарыз алуға келіскен жағдайда, онда Ұйымға Сайттағы Клиенттің Жеке кабинетінің механизмін пайдаланып, Оферта жолдай отырып, Клиент Қарыз шартына қол қоюға және ол бойынша міндеттемелер алуға өз келісімін растайды.

4.14. Ұйымға жөнелтілген Офертаны Өтінім беруші кері қайтара алмайды. Егер Өтінім беруші Ұйым Офертаны акцепттегеннен кейін Қарыздан және Өтінім берушіге Қарыз сомасын аударудан бас тартқан жағдайда, Өтінім беруші Ұйым Қарызды берген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде Ұйымға Қарыз сомасының 10% (он пайызы) көлемінде айыппұл төлеуге және Қарыз сомасын Ұйымның шотына қайтаруға міндетті. Өтінім беруші тарапынан осы тармақта көрсетілген талаптардың бұзылуы Өтінім берушінің Қарыз шартымен келісу фактісін растайды және Өтінім берушінің Қарыз сомасын және Ұйымның сыйақысын қайтару жөніндені міндеттемеге әкеп соқтырады.

4.15. Қарызды мерзімінен бұрын өтеуге тек Қарыз берілген сәттен бастап 5 (бес) күнтізбелік күн өткеннен кейін ғана рұқсат етіледі. Егер де Қарыз алушы Қағидалардың осы тармағында көрсетілген мерзімнен бұрын ертерек өтесе, онда өтеуге сыйақының ең аз сомасы Қарызды пайдаланудың 5 күні ретінде есептеледі.

4.16. Ұйым Өтінім берушінің Өтінімде және Офертада көрсетілген шарттарда ұсынған ақпаратқа сай Қарыз беруге келісу немесе одан бас тарту туралы шешімді Өтінім беруші Ұйымға оны жолдаған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қабылдайды.

4.17. Ұйым мына жағдайларда, бірақ олармен шектелмей, Қарыз беруден бас тарту туралы шешім қабылдауға құқылы:

  • Өтінім беруші сенімсіз ақпарат берген;
  • Ұйымда Қарыз Қарыз шартында белгіленген мерзімде қайтарылмайды деп есептеуге негіз болған;
  • Өтінім берушінің деректерінің осы Қағидаларда белгіленген Қарыз беру талаптарына сәйкесссіздігі;
  • Ұйымның Өтінім берушінің үшінші тұлғалар алдындағы өз міндеттемелерін тиісті түрде орындамайтыны, Өтінім берушінің ықтимал төлем қабілетсіздігі туралы ақпарат алған;
  • Өтінім берушінің Ұйымның алдында ертеректе берілген Қарыз үшін мерзімі өткен берешегі (соның ішінде қайтару мерзімі Клиеттің келесі қарыз алуға қайырылған сәтте басталған Қарыз бойынша мерзімі өткен берешек) болған.

4.18. Ұйым Өтінім берушіге Қарыз беруді мақұлдау немесе одан бас тарту туралы қабылданған шешімді кез келген қолжетімді тәсілмен, соның ішінде Клиенттің Өтінімде көрсетілген электондық почтасы арқылы хабарлайды және бұл ретте мұндай бас тартудың себептерін түсіндіруге міндетте емес.

4.19. Өтінім беруші Қарызды беру туралы өтініммен (өтінімге файл жүктеу) бірге немесе өтінімді жолдаған сәттен бастап 30 минуттың ішінде Өтінім беруші көрсеткен ақпараттың дұрыстығын тексеру үшін Ұйымның мекен-жайына қолайына қарай өзінің жеке куәлігінің сканерленген немесе суретке түсірілген көшірмесін немесе өз суретін WhatsApp немесе Viber қолданбаларын пайдаланып, Сайтта көрсетілген Ұйымның ұялы телефонына немесе  info@turbomoney.kz немесе Skype: turbomoneykz адресіне жолдауға міндетті, өйтпеген жағдайда Қарыз беруші Офертаны акцепттеуден бас тарту құқығын өзіне қалдырады.

4.20. Өтінім беруші мен Ұйым Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 395-бабының ережелеріне сәйкес Оферта ондағы Клиенттің сәйкестендіру ақпаратымен (Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі деректері, ЖСН, Клиенттің тіркелген жері, ұялы телефоны нөмірі, электрондық почтаның адресі), сондай-ақ арнайы кілтпен бірге Өтінім берушінің өз қолымен қойған қолтаңбасының аналогы (сәйкестендіру ақпаратының жиынтығы) болып есептелетініне келіседі.

5. Акцепттеу және қарызды беру тәртібі

5.1. Егер Қарыз беруші Офертаны толығымен және сөзсіз Акцепттеген жағдайда, онда бұл оның Офертаның барлық талаптарымен келіскенін және өз Акцептінің күші Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің нормаларына сәйкес Қарыз шартын жасаумен тең екенін білдіреді, бұл жағдайда Қарыз беруші:

  • осы Қағидаларға сай қарыздардың параметрлері мен талаптарын ескере отырып, Клиентке өзі Офертада көрсеткен Шотқа, Офертада көрсетілген Қарыз Сомасын біржолғы аудару түрінде Қарыз беріледі. Қарыз берушінің банк шотынан Қарыз алушының Шотына ақша аудару үшін Қарыз беруші Серіктес Банкке тапсырма береді. Ақша қаражаттарын аудару Қарыз беру туралы оң шешім қабылданған және Клиенттің Қағидалардың 4 бөлімінің 4.17 тармағын орындаған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірілмей іске асырылады.
  • Қарыз алушы Шотының эмитенті банкіне қарай Қарыз алушының Шотына ақша түсу мерзімі 5 (бес) жұмыс күнінен астам мерзімді құрауы мүмкін.
  • Қарыз алушының Шотына Қарыз сомасын аудару Қарыз алушыға ақшаның берілген сәті болып танылады.

5.2. Қарыз сомасын аудару Қарыз берушінің Офертаны толығымен және сөзсіз Акцепттеуі болып табылады және Офертаның барлық талаптарын қандай да бір шектеулерсіз толығымен және сөзсіз қабылдағанын дәлелдейді, ал Қарыз Сомасын аударған күн Қағидалардың 5.1 тармағына сай Қарыз Шартын жасаған күн болып есептеледі. Клиент пен Қарыз беруші Шартты жасауға Офертаны (Клиенттің көрсеткен сәйкестендіру ақпаратымен бірге – жеке куәлігі деректері, тіркелген және тұрғылықты жерінің мекен-жайы, ЖСН, ұялы телефон нөмірі, электрондық почтаның адресі және Банк шотының деректемелері) тиісті жолға белгі қою және «Растаңыз» түймешігін басу жолымен жолдаудың, сондай-ақ Қарыз алушының ұялы телефонына SMS-хабарлама арқылы жолданатын арнайы кодты енгізудің (қуаттаудың) Қарыз шартының жазбаша түріне теңестірілетінін мойындайды.

5.3. Қарыз шартына және осы Қағидадарға сай жүргізілетін барлық төлемдер қолма-қол ақшасыз түрде іске асырылады.

5.4. Бөгде ұйымның Қарыз алушыдан қолма-қол ақшасыз аударымдарды іске асырғаны үшін алынатын комиссиялары мен басқа да төлемдерін төлеуі, сондай-ақ Қарыз сомасын қолма-қол ақшаға айналдыру Қарыз алушыға жүктеледі.

5.5. Ұйым Өтінім берушінің Офертасы Акцепттелген сәтке дейін қызметтер көрсетуге және осы Қағидаларда көзделген міндеттерді алуға міндетті емес.

6. Сыйақы үшін есеп айырысу тәртібі

6.1. Қарызды пайдаланғаны үшін осы Қағидалардың 6.4. тармағына сай Қарыз алушы ұйымға Қарыз шартында белгіленген көлемде Сыйақы төлеуге міндетті.

6.2. Қарызды пайдаланғаны үшін Сыйақы Қарыз берушінің банк шотынан Қарыз сомасын шығарылған күннен бастап және Қарызды қайтарған күнге дейін Негізгі қарыз сомасының қалдығына есептеледі.

6.3. Сыйақыны есептеген кезде бір жылдағы күндер саны 365 күнге тең деп алынады.

6.4. Қарыз беруге Өтінімді алғаш жолдаған Қарыз алушының Қарызды пайдаланғаны үшін Берешек сомасын есептеу үшін қолданылатын сыйақы төменде келтірілген кестеге сай есептеледі:

Күнтізбелік күндермен қарыз мерзімі

Күніне сыйақы мөлшерлемесі, %

5-тен 10 күнге дейін

1,00%

11-ден 19 күнге дейін

1,40%

20 күннен және одан астам

1,70%

6.5. Қарыз беруге Өтінімді қайталап жолдаған Қарыз алушының Қарызды пайдаланғаны үшін Берешек сомасын есептеу үшін қолданылатын сыйақы:

Күнтізбелік күндермен қарыз мерзімі

Күніне сыйақы мөлшерлемесі, %

5-тен 10 күнге дейін

2,20%

11-ден 19 күнге дейін

2,10%

20 күннен және одан астам

2,00%

6.6. Сыйақыны Қарыз алушы Қарыз берушіге Қарыз шартында Қарызды қайтару үшін белгіленген күні және тәртіппен (төлем күні) төлейді.

7. Қарыз сомасын қайтару және сыйақы

7.1. Қарыз сомасын қайтаруды Қарыз алушы төлем күні (Қарыз алушының Шотына Қарыз сомасы аударылған күннен бастап есептелетін Қарыз шарты мен Офертада белгіленген Қарыз мерзімінің соңғы күні) бірыңғай төлеммен іске асырады және осы Қағидалардың 6 Тарауына сай белгіленген тәртіпке сай өзіне Негізгі қарызды және Сыйақыны қамтиды. Бұл ретте, Қарыз шарты бойынша төлеген кезде Қарыз алушыға төлемнің мақсатын, өзінің ТАӘ, ЖСН және Қарыз шартының нөмірін көрсету қажет. Қарыз алушы Ұйымның мекен-жайына Қарызды өтеу жөнінде төлем жүргізгенін дәлелдейтін чектерді, түбіртектерді және басқа да құжаттарды сақтауға міндетті.

7.2. Қарыз алушы Қарызды мерзімінен бұрын, толығымен немесе ішінара өтеуге және сыйақыны осы Қағидалардың 4.13 тармағында белгіленген ережелерді ескере отыырып, төлеуге құқылы.

7.3. Егер Ұйым мерзімінен бұрын өтеу сомасын толық көлемде алмаған жағдайда Қарыз шарты бұрын келісілген талаптармен сақталады.

7.4. Қарыз алушы үшінші тұлғалардың қызметтерін пайдаланып, ақша қаражаттарын аударған кезде төлемдердің кешігу тәуекелін өзіне алады. Осы тәуекелдерді болдырмау және Қарыз алушының мерзімін кешіктіруден шығуы үшін ақша қаражаттарын берешекті төлеу шотына Қарызды пайдалану мерзімі аяқталардан кем дегенде 2 жұмыс күні бұрын аударуды ұсынамыз.

7.5. Қарызды қайтару сәті Берешек соманы Ұйымның есеп шотына аудару болып есептеледі.

7.6. Ұйым Қарыз алушыдан ақша қаражаттарын алған кезде Қарыз шарты бойынша берешек мынадай кезектілікпен өтеледі:

7.6.1. Қарыз алушының Қарыз шарты бойынша міндеттемелерін өтеуге байланысты Ұйымның шығыстары;

7.6.2. осы Қағидалардың 9.2. тармағына сай Қарызды төлеу мерзімін кешіктіргені үшін айыппұлдар мен тұрақсыздық айыбы сомалары;

7.6.3. Қарыз қайтарылуы тиіс болған күннен кейінгі күннен бастап және осы Қағидалардың 6.7. тармағына сәйкес оның нақты қайтарылуы тиіс болған күнге дейін есептелген сыйақы;

7.6.4. Қарыз берілген күннен бастап және осы Қағидалардың 6.2. тармағына сәйкес оның қайтарылуы тиіс болған күнге дейінгі кезеңде есептелген сыйақы;

7.6.5. Негізгі қарыз.

 7.7. Офертаны жолдап, қарызды алғаннан кейін, Қарыз алушы Қарыз берушіге Шарттың қолданылу мерзімі ішінде кез келген банктен ашылған Қарыз алушының банк шоттарынан осы Тараудың 7.6. тармағында белгіленген кезектілікке сай ақша қаражаттарын алуға өзінің сөзсіз келісімін (акцепттеу) береді.

7.8. Қарыз алушы Қарыз берушіге қарызды және есептелген Сыйақыны қайтару мерзімі басталғанда Қарыз шарты бойынша қалыптасқан Берешекті өтеу үшін Қарыз алушыға хабарламай Қарыз алушының банк шоттарынан ақша қаражаттарын алып қою құқығын береді. Қарыз шартын жасау жоғарыда көрсетілген іс-әрекеттерді жасауға Акцепт болып табылады.

7.9. Қарыз алушыныың Қарыз шарты бойынша төлемдер жөніндегі міндеттемелері Қарыз берушінің есеп шоттарына Берешек сомасы толық көлемде түскен сәттен бастап орындалған болып есептеледі.

7.10. Қарыз алушыдан қолма-қол ақшасыз аударымдарды іске асырғаны үшін бөгде ұйымның алатын комиссиялар мен басқа да төлемдерді төлеу Қарыз алушыға жүктеледі.

7.11. Қарыз алушы Қарызды өтеу есебіне қажетті өтеу сомасынан асатын соманы төлеген және артық аударған қаражатты қайтарып алғысы келген жағдайда Қарыз алушы артық төлеген қаражаттың көлемі мен бұл қаражаттарды қайтару рәсімін нақтылау үшін Ұйымға қайырылуы тиіс (телефон нөмірі Сайтта көрсетілген, email: support@turbomoney.kz).

8. Қарыз шартын ұзарту тәртібі

8.1. Егер Клиент Қарыз шартының қолданылу мерзімін ұзартуға ниетті болған жағдайда, ол Қарыз берушінің Сайтындағы Жеке кабинет сервисін пайдаланып, Қарыз шартының қолданылу мерзімін ұзартуға құқылы. Қарыз шартын ұзартудың талабы Клиенттің комиссияны төлеуі болып табылады, аталған комиссия клиенттің қарыз шартын жаңға мерзімге ұзарту ұсынысы (офертасы) болып табылады. Қарыз алушының есеп шотына ақша қаражаттары түскен және Қарыз алушының олардың түскенін электрондық почта арқылы тиісті хабарлама (электрондық хабарлама жолдау жолымен) не болмаса SMS-хабарлама жолдау жолымен растаған сәттен бастап Қарыз шарты Клиенттің Жеке кабинетте көрсеткен мерзімге ұзартылған болып есептеледі. Клиенттің Қарыз шартын ұзарту құнын төлеуі Қарыз шартын ұзартуға арналған жеке кабинет арқылы ұзартуды толтырған күннен бастап бір жұмыс күнінен аспайтын мерзімге бірыңғай төлеммен іске асырылуы тиіс.
Бұл ретте Қарызды және Қарызды пайдаланғаны үшін сыйақы сомасын қайтару күні 29 (жиырма тоғыз) күнтізбелік күннен аспатын мерзімге ауыстырылуы мүмкін.

8.2. Қарыз шартының қолданылу мерзімін ұзартқаны үшін комиссияның көлемі мен ұзарту мерзімін Қарыз алушы Ұйымның өнімінің талаптарына сәйкес Жеке кабинет арқылы Қарыз алушы өз бетінше белгілейді.

Күнтізбелік күндермен ұзарту мерзімі

Күніне комиссия (сыйақы) көлемі, %

5-тен 10 күнге дейін

1,70%

11-ден 19 күнге дейін

1,60%

20 күннен және одан астам

1,50%

8.3. Қарызды шектеусіз мәрте ұзартылуы мүмкін.

9. Тараптардың жауапкершілігі

9.1. Шарттың талаптарын бұзғаны үшін кінәлі тарап осымен келтірген залалдардың, соның ішінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген тәртіппен айырылған пайданың есесін толтырады.

9.2. Қарыз алушы Қарыз бойынша белгіленген төлем мерзімін бұзғанда Ұйым Қарыз шартын жасаған Қарыз алушыдан 5 000 (бес мың) теңге көлеміндегі бекітілген бөліктен құралатын айыппұлды және төлем күнінен кейінгі күннен кейін бастап мерзімі өткен әр күн үшін Негізгі қарыз сомасының 1% көлемінде өсімақы төлеуді талап етуге құқылы. Тұрақсыздық айыбын төлеу Қарыз алушыны Қарызды қайтару жөніндегі міндеттемелерді орындаудан және Қарызды пайдаланғаны үшін сыйақыны төлеуден босатпайды.

9.3. Қарыз алушы мұндай айыыппұлды Қарыз алушының талабын электрондық почтамен және/немесе СМС-хабарламадан және/немесе Қарыз берушінің телефон қоңырауы барысында және/немесе тіркелген (тұратын) мекен-жайы бойынша қолма-қол хабарламаны алған сәттен бастап 3 (үш) банк күнінде төлеуге міндетті.

9.4. Осы хабарламамен таныса отырып, Қарыз алушы осымен Қарыз алушы қарызды қайтару мерзімін кешіктіруге жол берген жағдайда Қарыз беруші сотқа дейінгі тәртіппен Қарыз алушыдан берешекті өндіріп алу үшін коллекторлық агенттікке жүгінуге немесе бұзылған құқықтары мен өзінің заңды мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгінуге өз келісімін береді.

9.5. Қарыз алушы Қарыз шарты бойынша өзіне қабылдаған міндеттемелерін бұзған жағдайда, Ұйым өз еркімен, Қарыз алушының келісімінсіз Құқықтарды беру шартын (цессия) жасау жолымен өзінің талап ету құқықтарын үшінші тұлғаға беруге, сондай-ақ Қарыз алушының мерзімін өткізуге жол бергені туралы ақпаратты несие бюроларына ұсынуға құқылы.

9.6. Ұйым мұндай үшінші тұлғаларға, сондай-ақ оның агентіне және оның уәкілеттік берген өзге де тұлғаларына беруді жасауға қажетті Қарыз, Берешек, Қарыз алушы туралы ақпаратты таратуға және мұндай тұлғаларға тиісті құжаттарды, соның ішінде Өтініш-офертаны ұсынуға құқылы/

9.7. Ұйым немесе Ұйым Қарыз шарты бойынша талап ету құқығын толығымен немесе ішінара беретін тұлға, сондай-ақ оның аганттері мен оның уәкілеттік берген адамдары берілген талап ету құқықтарына қатысты төлемдерді жүргізуге арналған шоттарды көрсетіп, Қарыз алушыға берудің жасалғаны туралы хабарламаны жолдауға/тапсыруға құқылы (Ұйымның Қарыз шарты бойынша берілген талап ету құқықтары туралы тиісті құжаттарды тіркеп). Қарыз алушының берілген талап ету құқықтары бойынша өз міндеттемелерін орындауы деректемелер бойынша және хабарламада көрсетілген тәртіппен іске асырылуы тиіс.

9.8. Клиент Қарызды уақтылы өтеу жөнніндегі міндеттемелерін 90 (тоқсан) күннен астам мерзімге бұзған жағдайда, Қарыз беруші төленбеген төлем сомасына сыйақы есептеуді доғаруға құқылы.

10. Дауларды шешу

10.1. Тараптар өздерінің қарым-қатынастарын өзара сенім мен құпиялылық негізінде құрады, бірақ Ұйым мен Клиенттің арасында даулар мен келіспеушіліктер туындаған жағдайда, олардың барлығы келіссөздер жүргізу жолымен шешіледі. Егер Тараптар келіссіздер барысында келісімге қол жеткізбесе, онда дау Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Ұйымның тұрған жері бойынша сотта қаралуы тиіс. Бұл ретте, Тараптардың наразылық тәртібі қаралмайды.

10.2. Ұйым мен Қарыз алушы Қарыз алушының Қарыз шарты бойынша өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда Ұйымның сот органдарына жүгінуге құқылы және Қарыз алушыдан Берешекті бұйрық өндірісі (сот бұйрығын шығару) тәртібімен өндіріп алу рәсімі қолданылуы мүмкін екендігімен келіседі.

10.3. Ұйым Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында Ұйымға тиесілі ақшаны қайтару бөлігінде өз құқықтары мен мүдделерін қорғауға қажетті көзделген барлық шараларды қолдануға құқылы. Бұл ретте Ұйымның Клиенттен ақша қаражаттарын қайтару барысында жүргізген барлық шығындарын Клиент көтереді.

11. Қорытынды ережелер

11.1. Осы Қағидалар, сондай-ақ оларға кез келген өзгерістер мен толықтыруларды Ұйым қатысушыларының Жалпы жиналысы бекітеді және барлық мүдделі тұлғалардың танысуы мақсатында Сайтқа орналастырылады.